Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі БҰҰДБ-мен бірлесіп Қазақстанда дөңгелек үстел өткізді, оның негізгі тақырыбы елдегі креативті индустрияларды дамыту болды.
Іс-шараға мемлекеттік және жеке секторлардың, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өңірдегі креативті индустриялардың даму динамикасын талқылады және БҰҰДБ-ның жергілікті қажеттіліктер мен әлеует негізінде секторды дамыту жөніндегі ұсынымдарын зерделеді.
Сондай-ақ, Инновацияларды дамыту жөніндегі Ұлттық агенттіктің төрағасы Санат Жолдыханұлы Аханов креативті индустрияны дамыту мүмкіндіктері туралы айтып, өз кейстерімен бөлісті.
МАМ, БҰҰДБ және басқа да мүдделі тараптар саланы дамытуды ынталандыру бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастыру ниетін растады. Өңірлерде, әсіресе Абай, Ұлытау, Жетісу және Қызылорда облыстарында саланы дамытуға ерекше назар аударылатын болады.