М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде ғылыми-инновациялық ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы филиалының ашылуына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуге QazInnovations басшылығы, ғалымдар, «IDS Metra Robotics» роботтандыру және автоматтандыру орталығының жасанды интеллект және робототехника R&D-зертханасының, «Жүйелік зерттеулер компаниясы Фактор» ЖШС, «Аллюр компаниялар тобы» АҚ өкілдері қатысты. Бизнеспен серіктестік, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерде бірлескен қызмет; кадрлар даярлауды жаңғырту және инновациялық жобаларды қолдау мүмкіндіктері талқыланды. Қатысушылар университеттің жабдықталған зертханаларын аралады. Басқарма төрағасы Санат Аханов «Университеттер инновациялар құру кеңістігінің орталығы» тақырыбында сөз сөйлей отырып, білім беру ұйымдарында инновациялар бойынша арнайы бағдарламаларды енгізу қажеттілігін айтты және студенттерді ынталандырудың маңыздылығын атап өтті. Оқу барысының өзінде оларды жұмысқа тарту, кәсіпорындар ЖОО-лармен тығыз байланыста болып, жастарды ақылы тәжірибеден өтуге шақыру керек. Бұл болашақ мамандарға сенімділік береді. Сондай-ақ, QazInnovations командасы автокөлік құрастырудың барлық кезеңдері көрсетілген «Сарыарқа АвтоПром» зауытына және «Жас қанат» құс фабрикасына шақырылды.