Қазақстан медициналық қауымдастығының назарына

Қазақстан медициналық қауымдастығының назарына Сіздерді MedTech бағытында Технологиялық болжамдау жүргізуге арналған дөңгелек үстелге шақырамыз. Ұйымдастырушы - QazInnovations Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі. Қатысушылар арасында: Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ медициналық ұйымдардың, ЖОО-лардың мамандары, ғалымдар және т.б. Модератор: Амир Куат, MedTech Форсайттық зерттеу жобасының жетекшісі, QazInnovations. Бағдарламада салалық сарапшылардың баяндамалары, презентациялар, талқылаулар бар. Басты мақсат – форсайттық зерттеулердің аралық нәтижелерін талқылау және медициналық қауымдастықтан кері байланыс алу. 📌Күні мен уақыты: 2023 жылғы 14 сәуір, сағ. 15:00 📌Мекен-жайы: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 57А, KAZPATENT ғимараты 📌Тіркелу келесі сілтеме бойынша: https://forms.gle/FHTrEPRAEZopjLjK9