Алматыда әлемнің 20-дан астам елінен үздік инновациялық жобалар таңдалды. «Жылдың сапалы инновациясы» - Quality Innovation of the Year 2022 конкурсына QazInnovations Ұлттық агенттігінің басшысы шақырылды. Іс-шараға Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымы («КОКИМ» ОО) бастамашылық етті. Онда Қазақстан, Финляндия, Қытай, Чехия, Эстония, Венгрия, Индия, Израиль, Испания, Баск елдерінің және т.б. әзірлемелері ұсынылды. Ұлттық сапа институттарының электрондық дауыс беруі арқылы іріктелген әр сала бойынша 500 жобаның ішінен 25 жоба жеңімпаз аталды. Санат Аханов инноваторлар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті: «Технологиялар трансферті тұрғысынан қазақстандық новаторлық идеялар мен пилоттық жобалар үшін қазақстандық нарық өте ашық және жайлы болып табылады. Біздің азаматтар өте сауатты және елдегі дамыған цифрлық озық технологияларды ескере отыра - диджитал қызметтерінің озық пайдаланушылары. Жоғарғы оқу орындарындағы адами капиталдың сапалы құрамы, ғалымдар, мықты инфрақұрылым, зертханалар... Осының бәрі өнертапқыштардың үлкен мүмкіндіктер береді. Оның үстіне, Қазақстан және шетел мамандарымен, ғалымдармен бірігу, коллаборация жасау жасау маңызды. Бірге өзара тиімді мақсаттарға қол жеткізуге болады». Ең жақсы отандық әзірлеуші болып автокөлік иелері үшін қосымшаны іске қосқан Beep компаниясы танылды. Барлық жеңімпаздарға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.