2025 жылы өтінімдерді қабылдау барлық бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады

Құрметті өтініш берушілер!


«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (бұдан әрі - Агенттік) 2025 жылы жасанды интеллект технологияларын пайдаланатын немесе енгізетін жобаларға конкурстық іріктеу жүргізу жоспарланғанын хабарлайды.

Сонымен қатар, конкурс анонсын жариялау қорытындысы бойынша Агенттіктің атына ғылыми қоғамдастық, кәсіпкерлік сектор және стартаптар өкілдерінен басым бағыттар тізбесін кеңейту ұсынысымен көптеген өтініштер келіп түсті.

Келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, Агенттік Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен шешім қабылдады: 2025 жылы инновациялық гранттар конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау жасанды интеллект саласындағы шешімдерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, барлық басым бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады.

Барлық мүдделі тұлғаларға ұлттық инновациялық экожүйені дамытуға көрсеткен бастамасы мен қызығушылығы үшін алғыс айтамыз. Біздің қызметіміздің қағидаттары ашықтық, икемділік және перспективалы жобаларды жан-жақты қолдау болып қала береді.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 26 мамырдан 26 маусымға дейін жүргізіледі.

Біздің ресурстарымыздағы ресми ақпаратты қадағалаңыз.