Кездесуді Qazpatent алаңында QazInnovations ұйымдастырды.
Іс-шара сарапшыларды, ғалымдарды, бизнес өкілдерін, акселераторларды, стартап жобалардың, үкіметтік емес және квазимемлекеттік сектордың басшыларын жинады.
Технологиялық Форсайт технологиялық саясатты қалыптастырудың және GreenTech саласының болашақ сценарийлері үшін басым бағыттарын анықтаудың тиімді құралы болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша таза автомобильдер өндірісінің өнімділігі мен тиімділігін арттыру, қоғамдық көліктің тиімділігін арттыру, жаңартылатын көздерден биоотын жасау, зарядтау инфрақұрылымын қалыптастыру секілді технологиялық міндеттер әзірленді.