2023 жылғы 18 қыркүйекте Qazinovations цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен "Таза ауа және жасыл желектер" бағыты бойынша "GreenTech"технологиялық форсайт – сессиясы ұйымдастырылды.
Іс-шара сарапшыларды, ғалымдарды, бизнес өкілдерін, акселераторларды, стартап жобалардың, үкіметтік емес және квазимемлекеттік сектордың басшыларын жинады.
Технологиялық Форсайт технологиялық саясатты қалыптастырудың және GreenTech саласының болашақ сценарийлері үшін басым бағыттарын анықтаудың тиімді құралы болып табылады.
Qazinovations Басқарма төрағасы Санат Аханов, MOST Holding басқарушы серіктесі Павел Көктышев құттықтау сөз сөйледі.
Кездесу қорытындысы бойынша басым технологиялық міндеттер айқындалды.