2023 жылғы 11 желтоқсанда GreenTech бағыты бойынша технологиялық болжау бойынша қорытынды сессия ұйымдастырылды. Форсайттық зерттеулер жүргізу үшін QazInnovations тартқан сарапшылар өздері жүргізген зерттеулер туралы баяндама жасады, атап айтқанда, Қазақстанда қолданылатын трендтер, басым тауашалар, нарық сыйымдылығы, сондай-ақ әрбір тауашаның табысты кейстері мен технологияларының мысалдары, әрқайсысы өз бағыты бойынша таныстырылды.
Іс-шараға экология және табиғи ресурстар министрлігінің еншілес ұйымдарының, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты. Барлық қатысушыларға қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтамыз!