2023 жылдың 7 желтоқсанында Agritech бағыты бойынша технологиялық болжау қорытынды дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.

2023 жылдың 7 желтоқсанында Agritech бағыты бойынша технологиялық болжау қорытынды дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Форсайттық зерттеулер жүргізу үшін QazInnovations тартқан сарапшылар өздері жүргізген зерттеулер туралы баяндама жасады, атап айтқанда, таңдалған перспективалық тауашалар, сондай-ақ әрбір тауашаның, әрқайсысының өз бағыты бойынша басым өнімдері мен технологиялары таныстырылды. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, «Agritech» технологиялық құзыреттілік салалық орталығының – «Ұлттық аграрлық ғылыми - білім беру орталығы» КЕАҚ өкілдері, бейінді жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, агроөнеркәсіптік кешеннің өкілдері, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, «Ауыл», «Respublica» партиясының және басқа да салалық қауымдастықтардың мүшелері офлайн және онлайн форматта қатысты.