Басты назарда - AgriTech саласындағы форсайттық зерттеу ая сында кіші бағыттар бойынша стратегиялық сессиялардың нәтижелерін талқылау.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары, «Ауыл», «Respublica» партиясының мүшелері, агроөнеркәсіптік кешеннің өкілдері мен салалық қауымдастықтардың өкілдері, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тапсырмасы бойынша "ИДЖҰА" QazInnovations" АҚ AgriTech саласында егжей-тегжейлі талдау жүргізу үшін оператор болып белгіленді.