Бүгін «Денсаулық сақтау саласындағы цифрлық трансформация: қиындықтар мен шешімдер» 2022 жылғы I Қазақстандық халықаралық телемедфорумы өтті. Телемедфорум мақсаты – мемлекет, ғылым және бизнес арасындағы инновациялық әріптестік мүмкіндіктерін кеңейту, ынтымақтастықтың стратегиялық міндеттерін ашу, кәсіпорындар мен жеке инвесторларды денсаулық сақтаудағы телемедицина инфрақұрылымын дамыту жобаларын бірлесіп жүзеге асыруға барынша тарту жолдарын іздеу болып табылады. Форум аясында «Денсаулық сақтауда цифрлық инновациялар мен кәсіпкерлікті ілгерілету» панельдік сессиясы өтті, онда QazInnovations Басқармасының төрағасы Камиль Акатов «Цифрлық инновациялар мен кәсіпкерлікті ілгерілету» тақырыбында сөз сөйледі, ол инновациялық жобаларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы табысты кейстер туралы айтты.