Жасыл құрылыс пен тұрғын-үй коммуналдық шарушылығын дамыту мәселелері "GreenTech" технологиялық Форсайт сессиясында талқыланды.
Іс-шараны Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен QazInnovations ұйымдастырды.
Технологиялық Форсайт технологиялық саясатты қалыптастырудың және GreenTech саласының болашақ сценарийлері үшін басым бағыттарын анықтаудың тиімді құралы болып табылады.
Талқылауға сарапшылар, ғалымдар, бизнес өкілдері, акселераторлар, стартап жобалардың басшылары, үкіметтік емес және квазимемлекеттік сектор қатысты.
Qazinnovations Басқарма төрағасының орынбасары Шынасыл Ерназар, қазақстандық жасыл құрылыс кеңесінің атқарушы директоры Александр Белый, "Отбасы банкінің" өкілі Динара Серікбаева сөз сөйлеп, сессияны бастап берді.
Технологиялық форсайтты өткізу кезеңдері туралы жоба үйлестірушісі Сәуле Бишімбаева толығырақ айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша инженерлік желілер мен жабдықтардың энергия тиімділігін арттыру, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, ҚТҚ басқару және т. б. басым технологиялық міндеттер айқындалды.