12 қазанда бизнесті цифрлық трансформациялау саласындағы сарапшы Давид Тугановтың модераторлығымен "Digital Bridge 2023" халықаралық форумы шеңберінде "Өңірлік венчурлік нарықты дамыту туралы стратегиялық сессия" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар:
Санат Аханов, "QazInnovations" ИДЖҰА" АҚ Басқарма Төрағасы;
Нұрасыл Жарбасов, Astana Venture Club Негізін Қалаушы;
Виталий Полехин, INVESTORO халықаралық инвесторлар ұйымының президенті,
Сардор Мұхамедалиев, IClub Global аймақтық серіктесі
Оксана Райм, IClub Global компаниясының атқарушы серіктесі;
Андрей Березин, Raison инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі;
Абай Абсамет, Global Ventures Бас директоры.
Сессия барысында бизнес-періштелер мен венчурлық инвесторлармен венчурлық нарықты жақсартуға және жаңа цифрлық шешімдерді құруға бағытталған көптеген қызықты идеялар мен жобалар талқыланды.