АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартылды!

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант беру конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартады. Өтінімді 2022 жылғы 30 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін жіберу қажет.

Иинновациялық грант – инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде инновациялық қызмет субъектілеріне берілетін бюджеттік қаражат;

Конкурстың негізгі шарттарын еске саламыз:

Грант сомасы және игеру шарттары

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» басым бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант мөлшері 100 000 000 (жүз миллион) теңгеден аспайтын сомада беріледі.

Грантты игеру мерзімі 36 (отыз алты) айдан аспайды.

Өтінім берушіге келесі критерийлер белгіленеді:

1) мәлімделген салада кемінде 3 (үш) жыл коммерциялық қызметті жүзеге асыру;

2) қажетті біліктілік деңгейі бар инженерлік-техникалық персоналдың болуы;

3) өтінім берушінің соңғы 3 (үш) жылдағы жиынтық жылдық табысы жобаның толық құнынан кем емес.

Енгізілген технологиялар үшін келесі критерийлер белгіленеді:

1) өндірістік кәсіпорынның технологиялық дамуына бағытталған;

2) озық және (немесе) заманауи, негізінен отандық шикізатты пайдалануға бағытталған деңгейден төмен болмауға;

3) өнеркәсіптік қолдану фактісі немесе пайдалануға дайындығының жоғары дәрежесі (жартылай өнеркәсіптік сынақтардан өткен) болуы;

4) экспорттық әлеуеті бар өнім өндіруге және (немесе) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған;

5) АКТ әзірлемелердің электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімінде болуы немесе өндірістік сертификаттың болуы.

Қандай құжаттар қажет?

ӨТІНІМ, ол келесі құжаттарды қамтуы тиіс:

1) Тиісті шарттарды көрсете отырып, АКТ әзірлеуді және (немесе) электрондық өнеркәсіп өнімдерін беру немесе енгізу шарттарын көрсете отырып, тараптардың технологияларды беру ниетін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Құрылымы бойынша жобаның бизнес- жоспары;

3) Соңғы 3 жылдағы қаржылық есептілік (қаржылық есептіліктің жыл сайынғы аудиті міндетті болып табылатын тұлғалар да көрсетілген уақыт кезеңі үшін аудиторлық есептерді ұсынады);

4) Жобаны іске асыру үшін қаражаттың болуын растайтын құжаттар (соның ішінде екінші деңгейдегі банктерден анықтамалар және шоттан үзінді көшірмелер) немесе екінші деңгейдегі банктің кредит/несие желісін беру туралы шешімі;

5) сатып алынатын технологияның құрамдас бөлігі болып табылатын жабдықтар мен жинақтаушы бөлшектерді қоспағанда, жобаның құрамдас бөліктеріне (іс-шараларына) және коммерциялық ұсыныстар алынған техникалық ерекшеліктерге кемінде үш коммерциялық ұсыныс;

6) соңғы 12 (он екі) айдағы қаржылық үлгі. Даму жоспары болған жағдайда (Excel форматында);

7) Өткізу болжамдарын ескере отырып, 5 (бес) жылға арналған қаржылық модель (Excel форматында);

8) Жарғының көшірмесі

9) Есепке алуы мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) туралы мәліметтер;

10) Өтінім берушінің үлестес тұлғаларының тізімі.

Маңызды: Ескертулер анықталған жағдайда, өтінім оларды жою үшін өтінім берушіге пысықтауға жіберіледі. Өтінім беруші бұл ескертулерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды жояды. Егер өтінім беруші ескертулерді көрсетілген мерзімде жоймаса, ұлттық институт өтінімді одан әрі қараусыз қалдырады.

Өтінім берілгеннен кейінгі келесі қадамдар қандай?

Тіркелгеннен кейін өтінімдер сараптамаға жіберіледі.

 Қоса қаржыландыру:

–лицензиялық келісім үшін кемінде 30%

– жабдықты сатып алу үшін кемінде 50%

Қандай шығындар өтеледі:

1) электрондық өнеркәсіптің бағдарламалық қамтылымын және өнімдерін немесе пайдалану құқығына лицензия сатып алуға;

2) электрондық өнеркәсіптің бағдарламалық қамтылымын және өнімдерін енгізу үшін қажетті құрамдас бөліктерді сатып алуға;

3) электрондық өнеркәсіптің бағдарламалық қамтылымын және өнімдерін кастомизациялау бойынша қызметтерге;

4) өтiнiм берушiнiң кәсiпорынында электрондық өнеркәсіптің бағдарламалық қамтылымын және өнімдерін  енгiзу бойынша қызметтерге;

5) электрондық өнеркәсіптің бағдарламалық қамтылымын және өнімдерін одан әрі пайдалану үшін өтінім берушінің персоналын оқытуға;

6) жұмыс істеп тұрған кәсіпорын бұлттық технологиялар арқылы провайдер қызмет көрсететін дайын бағдарламалық құралды пайдаланатын SaaS үлгісі бойынша бағдарламалық қамтылымды жалға беру бойынша қызметтерге.

ӨТІНІМ САРАПТАМАСЫ

  • Технологиялық сараптама – жобаның аналогтардан артықшылығын, техникалық іске асыру мүмкіндігін және технологиялық орындылығын анықтау мақсатында жүргізіледі.
  • Қаржылық-экономикалық сараптама – нарықты, жобаның экономикалық орындылығын, бәсекеге қабілеттілік критерийлерін, маркетингтік стратегиясын, жұмысты мәлімделген мерзімге бөлуді, жұмыстың көлемі мен мазмұнын және сұралатын қаржыландыру көлемін бағалау үшін жүргізіледі.
  • Құқықтық сараптама – ұсынылған құжаттардың мазмұнының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне жан-жақты құқықтық талдау жасау мақсатында жүргізіледі.

Жобаның презентациясы қарастырылған ба?

Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңестің алдында жобаның питчингі ұйымдастырылады, оның қорытындысы бойынша инновациялық грант беру немесе оны өтінім берушіге беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

 ҚОРЫТЫНДЫЛАР

Жоба питчингі сәтті аяқталғаннан кейін жоба питчингінен өткен өтініМ беруші мен «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ арасында инновациялық грант беру туралы келісімге қол қойылады.

 Анықтамалық ақпарат:

Конкурсқа өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру аясында «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ instagram, facebook және telegram сияқты әлеуметтік желілерде ақпараттық посттар әзірледі және орналастырды.

Community QazInnovations telegram чатында өтінім берушілер online режимінде хабарласып, сұрақтар қойып және жауаптар ала алады.

Көрсетілген мерзімде әр дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 15:00-де ZOOM платформасында алдын ала жазылу арқылы келесі сілтемелер бойынша: https://forms.gle/ZcDnw33fzD3u8KwU7

Анықтама телефондары  +7-775-623-14-22, +7-7172-79-25-81 (ішкі 581), +7-7172-79-25-80 (ішкі 580)