АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, бұрын «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ 2003 жылы «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыруға бағытталған ғылыми-инновациялық қызметтi институционалдық қамтамасыз етудi дамыту жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 775  қаулысымен құрылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 742 қаулысымен «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның жарғылық капиталына берілді, кейін ол «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және одан әрі QazTech Ventures АҚ болып өзгертілді.

Осылайша, «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ «QazTech Ventures» АҚ-ның еншілес ұйымы болды.

2018 жылы венчурлік қаржыландыруды дамытуды қоспағанда, Кәсіпкерлік кодексте көзделген инновациялар бойынша заңнамалық функциялар «QazTech Ventures» АҚ-дан QazIndustry-ге (бұрынғы «ҚИДИ» АҚ) берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 959 қаулысымен «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ QazIndustry-дан тиісті функциялар беріле отырып, технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институттарының тізіміне енгізілді.

Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау функциясының ҚР ИИДМ-нен ҚР ЦДИАӨМ-ге беруілуіне байланысты «QazTech Ventures» АҚ және «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Директорлар кеңестері (бұдан әрі – «Зерде» холдингі» АҚ) 2020 жылғы 19 ақпанда жасалған сыйға тарту шарты негізінде Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығының (кейіннен атауы QazInnovations болып өзгертілді) 100% акциясын «Зерде» холдингі» АҚ пайдасына иеліктен шығаруды жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Яғни, ЦДИАӨМ және «Зерде» холдингінің құзырына ҚИДИ және ИИДМ-нен инновациялар бойынша штат пен функциялар берілді, ал «QazTech Ventures» АҚ-дан «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ атынан осы қызметті жүзеге асыру үшін заңды тұлға берілді (кейіннен атауы QazInnovations болып өзгертілді).

«Кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңының қол қойылған жобасы аясында 2021 жылдың соңында Кәсіпкерлік кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, Үкімет инновациялық даму саласындағы жалғыз ұлттық даму институтын айқындайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №321 қаулысына сәйкес «QazInnovations» Инновациялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты болып айқындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 196 Қаулысымен “QazInnovations” инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі” АҚ Инновациялық обсерватория болып айқындалды.