АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес – инновациялық жобаларды қаржыландыру және сүйемелдеу үшін Дүниежүзілік Банктің тәжірибесі бойынша құрылған және QazInnovations (“ИТТО” АҚ) жанында жұмыс істейтін орган.

Кеңесті құру іріктеу рәсіміндегі жаңа практика болып табылады, бұрын іріктеу кезінде мемлекеттік қызметшілерден, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен және кейбір сарапшылардан тұратын уақытша комиссия жұмыс істеді.

Жаңадан құрылған Кеңес инновациялық жобаларға инвестициялау тәжірибесі бар нарық сарапшыларынан және ғылымды қажетсінетін жобаларды коммерцияландыруда көп жылдық тәжірибесі бар салалық сарапшылардан тұрады.

Ол грант алушылардың нәтижелілігі мен тәлімгерлігін бағалау және олардың мүдделерін қорғау үшін тұрақты әрекет ететін болады.

Кеңес 10 басым технологиялардың 8-ін қамтиды, сондықтан оған техникалық консультациялар алу үшін барлық бағыттар бойынша тәуелсіз сарапшылар ұсынылған.

Құрманғазы Құралұлы Омаров

Жобалар дирекциясының директоры – ҚР БҒМ ҒК Ғылым қоры.

Ғылымды коммерцияландыруда 13 жылдық тәжірибесі бар. Алғаш рет Қазақстанда Дүниежүзілік банк пен ҚР АШМ жобасы аясында жаңа технологияларды енгізуге арналған конкурстық гранттар жүйесін енгізді. Технологияларды коммерцияландыру кәсіпқойлары альянсының мүшесі.

Александр Викторович  Дорошенко

“Терриконды алқап” жобасының негізін қалаушы. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, соның ішінде жаңа қаржылық технологиялар саласындағы сарапшы. Қазақстан Республикасы Ақпараттық технологияларды дамыту қауымдастығының президенті.

Әнуар Мұқатұлы Сейфуллин

Акселерациялық бағдарламалар аясында инвестициялармен жұмыс істеуде 8 жылдан астам тәжірибесі бар. QazAngels бизнес-періштелер клубының ортақ құрылтайшысы. 40-тан астам технологиялық компанияларға кеңес берді.

Игорь Пир

Осы салада, басшылық қызметтерде 20 жылдық тәжірибесі бар.  Инвестициялармен  жұмыс  жасауда 7 жылдан астам тәжірибесі бар. Израиль Кәсіпкерлері қауымдастығы басқармасының мүшесі. Украина мен Әзірбайжанда жобаларды дамыту бағдарламаларын іске асырды.

Анель Оразалиевна Шакенова

Жеке жобаларын іске қосуда және АT жобаларды инвестициялауда тәжірибесі бар. «ҚДБ Лизинг» Қазақстан Даму Банкінің еншілес ұйымының Директорлар кеңесінің мүшесі және    “Kazakhstan National Directors Association” Тәуелсіз директорлар ассоциациясының мүшесі.

Сергей Евгеньевич Макаров

Жобаларды басқару саласында, жеке бизнесін жүргізуде және ірі өндірістік компанияларда жұмыс істеуде 25 жылдық тәжірибесі бар. 2004 жылдан бастап 40-тан астам жобаның технологияларын коммерцияландыруға қатысты және  20-дан астам стартапқа инвестиция салған.

Ерболат Оразбекұлы

10-нан астам жобаны іске қосуға қатысуда, коммерцияландыруда үлкен тәжірибесі бар. Стратегиялық жоспарлауда, Lean Six Sigma (Үнемді өндіріс), өндірісті дамыту және тиімділік, процесті оңтайландыруда тәжірибелі.

 Виктор Владимирович Покусов

«Қазақстандық ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығы» ЗТБ төрағасы, «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар» бағыты бойынша ҰҒК мүшесі. Технологияларды коммерцияландыруда үлкен тәжірибесі бар.

Руслан Сабыржанұлы Сәметеев

Бұл салада 8 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Көмек-103: Жедел жәрдем станциясына арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе, Көмек-112: Бірыңғай кезекші-диспетчерлік  жедел қызметке арналған жүйе сервистерін іске қосуға қатысқан.

Назар аударамыз!

– Өтінім берушінің гранттық қаржыландыру жөніндегі Кеңес (бұдан әрі-Кеңес) мүшелерімен ауызша, жазбаша, телефон арқылы сөйлесуге және инновациялық грант алуға өтінім берілген жобаға қатысты өзге тәсілдермен олармен байланыс жасауға құқығы жоқ. Өтініш берушінің бұл әрекеті кеңестің инновациялық грант беру жөніндегі шешіміне ықпал ету әрекеті ретінде бағаланатын болады. Өтініш берушінің мұндай әрекетінің расталған фактісі жобаны қараудан алып тастауға және оны “ИТТО” АҚ сайтында орналастырылатын жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізуге әкеледі.

– Мәлімделген жобаға инвестор ретінде Кеңес мүшесін тартуға жол беріледі. Бұл жағдайда Кеңес мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы туралы “ИТТО” АҚ-ға дереу хабарлауы тиіс және өтінімді қарауға, өтінім жобасына сараптама жүргізуге және мүдделер қақтығысы туындаған инновациялық грант беру немесе беруден бас тарту туралы шешімдер қабылдауға қатысудан шеттетілуі тиіс.

– Қалған барлық жағдайларда Кеңес мүшелері уәкілетті органға және “ИТТО” АҚ-ға оның уәкілетті органның және қоғамның мүддесінде әрекет ету қабілетіне әсер ететін нақты немесе ықтимал мүдделер қақтығысының кез келген жағдайы туралы жазбаша хабарлауға және мүдделер қақтығысы туындаған өтінімді қарауға одан әрі қатысудан шеттетілуге міндетті.

Ашық және адал бәсекелестік мақсатында “ИТТО” АҚ жүйелі түрде және тұрақты түрде ашық алаңдарда түсіндірме жүргізіп отыратынын естеріңізге саламыз. Сондай-ақ, пилоттық конкурстың қорытындысы бойынша өтініш берушілермен жалпы кері байланыс алу үшін Кеңес мүшелерімен кездесу өткізу жоспарлануда.

«Qazinnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ЖАНЫНДАҒЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Публикация күні                                           15.06.2022