АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Қоғам басшылығы

Санат Жолдыханұлы Аханов

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқармасының төрағасы.

Еңбек жолын 1995 жылы коммерциялық банкте менеджер болып бастады. Банк саласында басшы қызметтерде, соның ішінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің басқарма төрағасының орынбасары ретінде үлкен тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитетінің басқарма басшысы, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) басқарушы директоры, «Қазпошта» АҚ-тың басқарушы директоры (сату және инновациялық даму)/бизнесті трансформациялау бағдарламасының құзырет орталығының басшысы (бизнес-процестердің реинжинирингі, change management) болып жұмыс істеді.

АҚШ-тың жобалар мен патенттер бизнесі бағытында тәжірибесі бар (USPTO, Baker&McKenzie, U.S., Dallas).

Соңғы уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК-да басшы лауазымдарда жұмыс атқарды.

Білімі – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (мамандығы – «экономист»), Қазақстан-Американдық еркін университеті (мамандығы – «құқықтану»).

Қосымша білімі: U. S. Agency for International Development (Barents Group LLC, Financial Institutions Analysis); SAP Solution Manager енгізу жобалары («САП ТМД» ЖШҚ).

Аймаков Сұлтанбек Жаңабекұлы

"QazInnovations" Инновациаларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік" Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары, қаржылық және әкімшілік блокты қадағалау.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999 жылдан бастап кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігінде жетекші ревизор лауазымынан бастады, “Қазақмыс “ЖЗҚ” ЖАҚ-да әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, жеке ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқарды, 2009 жылдан бастап Экономика және қаржы департаментінің директоры, “Парасат “ұлттық ғылыми-технологиялық орталығы” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеді, жобалау дирекциясының директоры, “Қазақстан Ғылым қоры” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары» болып қызмет атқарды.

Ерназар Шынасыл Жеңісұлы

"QazInnovations" Инновациаларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік" Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары, өндірістік блокқа жетекшілік ету.

2013 жылы ол Австралия университетінде қаржы мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2018 жылы «КАЗГЮУ Университеті» АҚ іскерлік басқару магистрі дәрежесін алды. 2019 жылдан бастап Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2013 жылы «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ-да бастады, онда 6 жыл бойы жұмыс істеді және әртүрлі уақытта сарапшы, жобаға жетекшілік ететін бас сарапшы, атқарушы директор, фронт-офистің бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды.
2018-2019 жылдары «Қазпочта» АҚ стратегия, экономикалық талдау және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметін атқарған.
2020 жылдан 2022 жылға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қаржы-экономикалық департаментінің директоры қызметін атқарды.
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің құрамында Тәуелсіз директор.