АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен «өнімді жетілдіру және жобаның инвестицияларды тартуын қоса алғанда, коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» технологиясын коммерцияландыруға инновациялық гранттарды іріктеу конкурсын жариялайды.

Инновациялық грант грант алушыларға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізуге беріледі.

Конкурстың мақсаты – нарыққа жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестерді және қызметтерді шығару.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер электронды портал арқылы қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі құжаттар пакетін ұсынуы қажет. Құжаттар тізбесі Конкурс қағидаларында көрсетілген https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021367 

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 01 тамызында басталып, 2022 жылдың 15 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 18 сағат 00 минутта аяқталады.

Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін барлық түсіндіру жұмыстары ZOOM платформасында жүргізіледі. Тіркелу сілтемесі qazinn.kz сайтында, сондай-ақ https://forms.gle/xaPdqhM34TBvMAhR7 табуға болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда, әлеуетті өтінім беруші +7-775-623-14-22, +7-7172-79-25-81 (ішкі номер 581), +7-7172-79-25-80 (ішкі номер 580) нөміріне қоңырау соғып, сондай-ақ WhatsApp немесе Telegram-ға жазып, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін кеңес ала алады.

Сонымен қатар, арнайы telegram-чатта сұрақтар қоюға болады (сілтеме: https://t.me/QazInnovations_chat).

Еске сала кетейік, QazInnovations ұйымы- инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты болып табылады. QazInnovations негізгі міндеттерінің бірі инновациялық қызметті ынталандыру.