АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"
Өтінім берушілердің назарына:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 959 қаулысымен «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» акционерлік қоғамы Ұлттық Технологиялық даму саласындағы ұлттық институты болып айқындалды.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ инновациялық гранттар беру операторы болып айқындалды.
Кейіннен «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ болып атауы өзгертілді.
Грант мөлшері және оны жүзеге асыру мерзімі
100 млн.теңгеден аспайды, іске асырудың ең ұзақ мерзімі – 36 ай
Қоса қаржыландыру:
– лицензиялық келісімге кемінде 30%
– жабдықты сатып алуға кемінде 50%
КІРУ ПАРАМЕТРЛЕРІ
Өтінім берушілерге қойылатын талаптар
1) Өндірістіктік ұйым болу
2) Жарияланған салада кемінде 3 жыл коммерциялық қызметті жүзеге асыру
2) Қажетті біліктілік деңгейі бар инженерлік-техникалық персоналдың болуы
3) Өтініш берушінің соңғы 3 жылдағы жиынтық жылдық табысы жобаның толық құнынан кем емес;
АКТ шешімдерін енгізу үшін:
4) Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізілімінде АКТ шешімдерін табу немесе «Атамекен» ҰКП өнеркәсіптік сертификатының болуы.
Қандай шығындар жабылады
1) БҚЕ немесе пайдалану құқығына лицензияны сатып алуға
2) БҚЕ енгізу үшін құрауыштарды сатып алуға
3) БҚЕ кастомизациялау бойынша қызметтерге
4) өтінім берушінің кәсіпорнында БҚЕ енгізу қызметтеріне
5) өтінім берушінің персоналын оқытуға
6) SaaS үлгісі бойынша БҚЕ жалдау бойынша қызметтерге
Қандай құжаттар керек
ӨТІНІМ, келесі құжаттарды қоса алғанда:
1) Тараптардың технологияларды беру ниетін растайтын құжаттың көшірмесі
2) Бизнес – жоспар
3) Соңғы 3 жылдағы қаржылық есеп
4) Қаражаттың болуын растайтын құжаттар
5) Берешегiнiң жоқтығы (болуы) туралы мәлiметтер
6) Үлестес тұлғалардың тізімі
7) Коммерциялық ұсыныстар
8) соңғы 12 айдағы қаржылық үлгі
9) өткізу болжамдарын ескере отырып, 5 жылға арналған қаржылық үлгі
10) Жарғының көшірмесі
Өтінім бергеннен кейін келесі қадамдар қандай
Тіркелгеннен кейін өтінімдер сараптамаға жіберіледі.
ӨТІНІМДЕР САРАПТАМАСЫ
Жобаның тұсаукесері қарастырылған ба
Жобаның питчингі Гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңестің алдында ұйымдастырылады, оның нәтижесінде өтінім берушіге инновациялық грант беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоба питчингі сәтті аяқталғаннан кейін, жоба питчингінен өткен өтінім беруші мен «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ арасында инновациялық грант беру туралы шартқа қол қойылады.
Грант қаражаты қашан және қайда аударылады?
Жобаны іске асыруға арналған қаражатты аудару үшін банкте жобаға қатысы жоқ операцияларды жүргізу құқығынсыз депонирлеу шартымен эскроу шот ашылады.
Анықтамаларға арналған телефон: +7-775-623-14-22, +7-7172-79-25-81 (ішкі 581), +7-7172-79-25-80 (ішкі 580)
Дата публикации 17.05.2022
Дата публикации 17.09.2020
Дата публикации 11.04.2022