АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"
Өтінім берушілердің назарына:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 959 қаулысымен «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» акционерлік қоғамы Ұлттық Технологиялық даму саласындағы ұлттық институты болып айқындалды.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ инновациялық гранттар беру операторы болып айқындалды.
Кейіннен «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ болып атауы өзгертілді.
Грант сомасы және жүзеге асыру мерзімі
1-кезең: 20 млн теңгеден аспайды, іске асырудың максималды мерзімі – 6 ай
2-кезең: 80 млн.теңгеден аспайды, 2-кезеңді жүзеге асыру мерзімі 18 айды құрайды.
Жобаны іске асыру сомасының кемінде 10%-ын өтінім берушіден қоса қаржыландыру
КІРУ ПАРАМЕТРЛЕРІ
Бірінші кезеңде:
Бірінші кезеңнен өту екінші және үшінші кезеңдер үшін іріктеу бойынша конкурсқа қатысудың міндетті шарты болып табылады
Екінші кезеңде:
Қандай шығындар жабылады:
Бірінші кезеңде:
Екінші және үшінші кезеңде:
Бірінші кезеңде қандай құжаттар қажет
Алдын ала ұсыныс (жоба мен команданың сипаттамасы), акселерациялық және (немесе) инкубациялық бағдарламаны аяқтау туралы куәлік және шығындар сметасы
Өтінім бергеннен кейін келесі қадамдар қандай
Алдын ала ұсынысты тіркегеннен кейін Кеңес алдын ала ұсынысты тыңдайды және келесі критерийлер бойынша іріктеу жүргізеді:
– инновациялылық;
– ауқымдылық;
– экспортқа бағдарлану;
– жоба командасының құрамы мен біліктілігі;
– жобаның коммерциялық әлеуеті.
Алдын ала ұсыныстарды тыңдау нәтижелері бойынша Кеңес өтінім берушілерді конкурстың екінші кезеңіне жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Толық өтінім нені қамтиды
ТОЛЫҚ ӨТІНІМДЕРДІҢ САРАПТАМАСЫ
Жобаның презентациясы қарастырылған ба
Кеңес алдында жобаның питчингі ұйымдастырылады, оның қорытындысы бойынша инновациялық грант беру немесе оны көрсетілетін қызметті алушыға беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
ҚОРЫТЫНДЫЛАР
Жоба питчингінің сәтті аяқталғаннан кейін жоба питчингінен өткен өтінім беруші мен «Qazinnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ арасында инновациялық грант беру туралы шартқа қол қойылады.
Грант қаражаты қашан және қайда аударылады
Жобаны іске асыруға қаражат аудару үшін банкте жобаға қатысы жоқ операцияларды жүргізу құқығынсыз оларды депозиттеу шартымен эскроу шот ашылады.
Ақпарат алу үшін телефон:+7-775-623-14-22
ТОЛЫҚ ӨТІНІМДІ САРАПТАУ
* Технологиялық сараптама – Технологиялық іске асырылуы, іс-шаралардың жеткіліктілігі және олардың жұмыстардың мәлімделген көлемі мен мазмұнына бөлінуі бағаланады, жобаны іске асыру тәуекелдері және жоба командасының біліктілігі айқындалады.
* Қаржы-экономикалық сараптама – жобаны іске асырудың экономикалық орындылығын және қаржы-экономикалық моделін бағалау мақсатында жүргізіледі. Жоба бойынша шығындардың негізділігі тексеріледі.
* Құқықтық сараптама – инновациялық гранттар алуға арналған өтінімдердің мазмұнын қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан бағалау және құқықтық талдау.
Жобаның тұсаукесері қарастырылған ба?
Кеңестің алдында жобаның питчингі ұйымдастырылады, оның қорытындысы бойынша инновациялық грант беру немесе оны көрсетілетін қызметті алушыға беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
ЖИЫНТЫҚТАР
Жоба питчингіден сәтті өткеннен кейін, питчинг жобасынан өткен өтініш беруші мен “QazInnovations “инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі” АҚ арасында инновациялық грант беру шартына қол қойылады.
Өтінім қай кезеңде екенін қалай білуге болады
Өтінімді қарау мәртебесін мына порталдағы жеке кабинет арқылы байқауға болады: https://techhub.kz/l/CETT01
Гранттық қаражат қашан және қайда аударылады
Жобаны іске асыруға қаражат аудару үшін банкте жобаға байланысты емес операцияларды жасау құқығынсыз депозитке салу шартымен эскроу-шот ашылады.
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грантты алуға алдын ала ұсыныс
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант алуға толық ұсыныс
Шығындар талдамасы бар шығыстар сметасы
Күнтізбелік жоспар
Жобаның бизнес-жоспары
Публикация күні 17.09.2020
Публикация күні 20.05.2022
Публикация күні 11.04.2022
Публикация күні 17.05.2022