АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Бүгін Qazinnovations RI Instruments & Innovation India өкілдерімен кездесті.

Кездесу аясында тараптар өз қызметтерін таныстырды және әріптестік қатынастарды қалыптастыру үшін әлеуетті мүмкіндіктерді талқылады. Сондай-ақ графен оксидін өндіру саласындағы халықаралық әріптестермен бірлесіп Қазақстанда инновациялық өндіріс құру мүмкіндіктері талқыланды. Бұл материалды қолдану арқылы технологиялық өнімдерді енгізу әлемнің көптеген озық елдерінде жүргізіледі және соңғы өнім сапасын жоғарылатумен шығындарды бірнеше есеге дейін азайтады. Өзінің керемет қасиеттерінің арқасында графен қазіргі кезде белсенді түрде пайдаланылады және электроника өнеркәсібі, чиптер, қорғаныс өнеркәсібі, АӨК және басқа да салалар сияқты мүлдем басқа салаларда қолдануды кеңейту мүмкіндігі бар.

Кездесу қорытындысы бойынша кооперация мүмкіндіктерін, инвестициялық құралдарды және мемлекеттік қолдау шараларын талқылай отырып, қатысушылар ынтымақтастық бойынша одан әрі қадамдарды әзірлеуге, сондай-ақ әлеуетті бастамаларды мақсатты іске асыруды талқылау мақсатында қосымша кездесулер өткізу туралы келісті.