АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

QazInnovations ӨЕШТ және DFP әдістемелерін талқылау бойынша Brainnovations компаниясымен кездесу өткізді.

Кездесуде Braininnovations компаниясының өкілдері Массачусетс технологиялық институтының (MIT) профессорлары Юсупов Алтай мен Иковенко Сергей өнертапқыштық есептерді шешу теориясы (ӨЕШТ) және патенттеуге қабілетті инновацияларды жобалау (Design for Patentability (DFP) сияқты инновацияларды құрудың тиімді құралдарын енгізуге негізделген Қазақстан Республикасында енгізуге ұсынылған инновацияларды салалық дамыту бағдарламасы туралы айтып берді.

Сондай-ақ кездесу барысында ұйымдар арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері мен әртүрлі секторлардағы инновациялық шешімдерді енгізу бойынша мүмкіндіктер талқыланды.