АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

QazInnovations әріптестер шеңберін кеңейтеді. Кеше 10.11. 22. Medical Management Group Ltd (MMG) компаниясымен кездесу өтті, ол инновациялық даму саласындағы ұлттық институт ретінде біздің агенттікке айтарлықтай қызығушылық танытты.

MMG – денсаулық сақтау саласындағы болашағы бар жобаларды енгізуге және кеңейтуге, сондай-ақ жұмыс істейтін басқару жүйелері мен озық технологияларды енгізу арқылы медициналық ұйымдарда тиімді бизнес-процестерді құруға маманданған еліміздегі бірінші топ болып табылады.
Тараптар акселерациялық қызметте бағытында ынтымақтастық туралы келісті және тиісті құжатқа қол қойды.

Атап айтқанда, «HealthGen» бағдарламасы QazInnovations акселерациялық және инкубациялық бағдарламалар тізіміне енгізілген.
Бұл әріптестік Қазақстанның MedTech техаудитін және форсайтын дайындауда MMG сарапшыларының құзыреттерін тартуға жақсы көмек болады.

Анықтама. HealthGen медицина аясының телемедицина және цифрлық шешімдер саласындағы жобаларды іздеу, іріктеу, жүзеге асыру және сүйемелдеу мақсатында құрылған.