АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

QazInnovations Қазпатент өкілдерімен кездесуі.

Кеше Ұлттық зияткерлік меншік институтының алаңында «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның Қазпатент өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстандағы патенттік белсенділікті ынталандыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сонымен, Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқармасының төрағасы Санат Жолдыханұлы Аханов еліміздегі инновация және коммерцияландыру институтын дамытудың ағымдағы міндеттері мен перспективалары туралы айтып өтті.

Өз кезегінде, Қазпатент директоры Ербол Қанатұлы Оспанов тығыз ынтымақтастыққа және инновациялық экожүйені нығайтуға дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу, сондай-ақ инновацияны қолдауды қалыптастыру бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Кездесу соңында QazInnovations пен Қазпатент арасында меморандумға қол қою туралы келісім жасалды.