АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

QazInnovations құрамында Басқарма төрағасы Санат Жолдыханұлы Аханов, Басқарма төрағасының орынбасары Шынасыла Жеңісұлы Ерназар, Инновациялық экожүйені дамыту орталығының директоры Мадияр Мәуленұлы Әбілов, Талдау және жобалау орталығының директоры Арман Айтуғанұлы Ашкин, Сараптама орталығының директоры Ануар Амыртайұлы Тунгат, Перспективтік даму орталығының бас сарапшысы Юлия Вячеславовна Миронова, Сараптама орталығының бас сарапшысыАсхар Шүкірұлы Мұса құрамында ШЫҰ ҚТБО директоры Чжао Чжунъюань, ШЫҰ ҚТБО ресми өкілі Абай Саханов, Neutron System жүйесінің негізін қалаушы – серіктес Цай Цзяньсун бар ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің Қытай технологиялар беру орталығының (бұдан әрі – ШЫҰ ҚТБО) өкілдерімен кездесті.

Кездесуде тараптар ғылыми-технологиялық жобаларды коммерцияландыру, технологиялар трансферті, Қазақстан мен Қытайдың іскер топтары арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтудың ықтимал нұсқалары болуы мүмкін ынтымақтастықты талқылады. ШЫҰ ҚТБО тарапы «QazInnovations» АҚ-ны ШЫҰ ҚТБО өткізетін жыл сайынғы ШЫҰ инновациялар мен кәсіпкерлік жастар конкурсына қатысу үшін Қазақстанның үздік жобаларын іріктеу конкурсының өңірлік операторы ретінде анықтауды ұсынды.

Қосымша, ШЫҰ ҚТБО Қазақстан Республикасында Нұр-Сұлтан қаласында аймақтық өкілдігін ашуға ниет білдірді. Одан басқа, ШЫҰ ҚТБО тарапы https://scocentertrade.com/biznes-inkubator/ ШЫҰ ҚТБО платформасында құрылған халықаралық бизнес-инкубаторға қосылуға шақырды.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қытай технологиялар беру орталығы Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында ҚХР Ғылым және технологиялар министрлігінің бастамасымен 2020 жылы құрылған.

Оның негізгі мақсаты технологиялар, ғылым, мәдениет, экономика және сауда салаларындағы көпжақты халықаралық ынтымақтастық арналарын кеңейту үшін алатформамен қамтамасыз ету болып табылады.

Кездесу соңында тараптар өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.