АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

QazInnovations венчурлық қорлармен коллаборацияны бастайды. Инновацияларды дамытудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі мемлекеттік қаржы құюдан басқа – инвесторлар тарапынан қолдау болып табылады.
Жақында Ұлттық агенттіктің Басқарма төрағасы Санат Аханов пен Jas Ventures компаниясының басшысы Зкаил Семембаевтың кездесуі өтті. Тараптармен бірлескен жобалар мен гранттар жасау, соның ішінде бизнес-инкубациялау бағытында тығыз ынтымақтастық орнату мүмкіндігі қарастырылуда.

Енді барлық әлеуметтік желілер мен инноваторлардың, стартапшылардың чаттары арасында тарауы керек қызықты жаңалық!
Сізге Силикон алқабының атмосферасына енуге жол ашылады.
Стэнфорд университеті жанындағы StartX акселераторы (Stanford University) – жабық клуб, 16 единорог және 3 декакорн қауымдастығы. Енді қазақстандық стартапшылардың осы бірегей бағдарламаның мүшесі болу мүмкіндігі бар, оның түлектерінің 90%-дан астамы белсенді жұыс жасайтын бизнеске айналады.
Толығырақ білу және байланыстар үшін флайерден қараңыз.