АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Microsoft қоғамдық секторының жетекшісімен кездесу

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқармасының төрағасы Санат Жолдыханұлы Аханов Microsoft мемлекеттік секторымен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Ринат Ғұмаровпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар қашықтан жұмыс орнын енгізу, бұлттық шешімдерді пайдалану, сондай-ақ Qazinnovations қызметкерлерін оқыту сияқты ынтымақтастық пен пилоттық жобаларды жүзеге асырудың әлеуетті жолдарын ұсынды.

Осылайша, Qazinnovations-те бұл шешімдерді пилоттық режимде сынақтан өткізгеннен кейін, бұл сәтті кейсті басқа қазақстандық компаниялар мен мемлекеттік органдарға тираждауға мүмкіндік пайда болады.

Microsoft өкілі осы мәселелерді әрі қарай пысықтауға дайын екенін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Microsoft өнімдерінің толығырақ тұсаукесерін өткізу туралы шешім қабылданды.