АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Кеше «QazInnovations» ИДЖҰА» АҚ ұйымдастырған дөңгелек үстел аясында MedTech бағыты бойынша технологиялық болжамдау жүргізу мәселесі бойынша талқылау өтті.

Талқылауға Денсаулық сақтау министрлігінің, медициналық жоғарғы оқу орындарының, ғылыми орталықтардың және басқа да денсаулық сақтау саласындағы ұйымдардың өкілдері қатысты.

Сарапшылар медицина саласындағы технологиялар мен инновацияларды дамытуға қатысты өз көзқарастарымен бөлісті. Кездесу қорытындысы бойынша технологиялық болжамдау жүргізу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.