АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Kazakhstan Growth Forum

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Санат Жолдыханұлы Аханов бизнес-қоғамдастықтың басты уақиғасының бірі – Kazakhstan Growth Forumына қатысты.

Kazakhstan Growth Forum жыл сайынғы саммитінде әлемдік тенденциялардың ықпалын ескере отырып, өсу мүмкіндіктері мен жергілікті компаниялардың басқарудағы өзекті мәселелері талқыланды.
Форум жұмысы төрт маңызды бөлікке бөлінді: стратегия, трендтер, тәжірибе және инновациялар.

Саммитке «Kazakhstan Growth Forum» Төрағасы және мақсаты білім беруді әлемдік озық стандарттар мен тәжірибелерге сәйкес интеграциялау және жетілдіруді көздейтін Professionalize Kazakhstan (K-Pro) білім беру бағдарламасының тең құрылтайшысы Ельдар Әбдіразақов қатысты.

Форум қонақтары спикерлермен тікелей сөйлесуге, жаңа және пайдалы танысуға тамаша мүмкіндік алды. Елдегі ең жақсы СЕО қызықты баяндамалары мен жеке тәжірибелерін, сондай-ақ т.б. тыңдауға мүмкіндік алды.