АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

CFI.co қаржылық басылымының Banking Awards 2021 халықаралық байқауының қорытындысы бойынша Jusan Bank Қазақстанның 2021 жылғы үздік банкі атанды («Best Bank – Kazakhstan 2021»).

Бәйгені он жылдан астам уақыт бойы экономика және қаржы саласындағы маңызды оқиғаларды көрсетуге маманданған беделді британдық Capital Finance International басылымы жариялаған.

Үміткерлерді іріктеу кезінде Capital Finance International редакциясы Jusan Bank-тің технологиялар мен инновациялар саласындағы жаңалықтарды белсенді пайдалануын атап өтті, олардың пікірінше, бұл жергілікті қаржылық қызметтер нарығының дамуына айтарлықтай әсер етті.

CFI.co Banking Awards 2021 байқауының қазылар алқасының құрамына енген сарапшылар Jusan Bank-тің соңғы екі жылдағы негізгі қаржылық көрсеткіштерінің динамикасына оң баға берді.

«Jusan басшылығы жаңа даму стратегиясын сәтті жүзеге асыруда, нәтижесінде қысқа мерзімде әсерлі қаржылық нәтижелергн қол жеткізген. Банк қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, өнім желісін кеңейту және өз клиенттеріне қаржылық мақсаттарына жетуге көмектесу үшін цифрлық технологияларды үнемі жетілдіріп отырады. Мұның бәрі клиенттер үшін өте тартымды ұсыныс жасайды және корпоративтік сегмент пен жалпы халық арасында қаржы институтына деген сенімнің артуына ықпал етеді », – деп Capital Finance International қазылар алқасының сараптамалық қорытындысында келтірілген.

Барлық қазақстандық банктердің ішінде Jusan Bank Capital Finance International сыйлығын алған алғашқы отандық қаржы институты болды. Жыл сайын марапатқа әлемнің алпысқа жуық елінен компаниялар қатысады.

«Ағымдағы 2021 жылы банк тобы Jusan цифрлық экожүйесінде қызметтер мен өнімдерді кеңейту бойынша бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырды. Клиенттеріміздің оны көріп, бағалауы біз үшін маңызды: Jusan мобильді қосымшасы іске қосылғаннан бері бар болғаны екі жыл ішінде оны 700 мыңнан астам тұтынушы белсенді түрде пайдаланып отыр, ал Jusan Business интернет-банкинг жүйесі бар болғаны бір жылдың ішінде шағын және орта бизнес өкілдері арасында 41 мыңнан астам пайдаланушыны жинады, – деп Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Кайып жаңалыққа пікір білдірді. –Capital Finance International-дан алған марапат және ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік банкі беделді мәртебесі біздің бүкіл ұжымның нәтижелі жұмысының мойындалуы және Jusan үшін Ұлттық валюта күні кәсіби мерекесі қарсаңында ең жақсы сыйлық болып табылады».

Басқа да маңызды оқиғалар ішінде – АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуының аяқталуы, Kcell ұялы байланыс операторының активтеріндегі үлестерін сатып алу, сондай-ақ банктің несие портфеліндегі 90 күннен астам мерзімі өткен берешектің үлесін 3,5 еседен астам қысқарту және соның нәтижесінде активтер портфелінің сапасының айтарлықтай жақсаруы. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Jusan Bank активтерінің жалпы көлемі 2,7 трлн теңгеден асты, бұл банкті осы көрсеткішпен барлық қазақстандық банктер арасындағы жалпы рейтингте төртінші позицияны қамтамасыз етеді.

Дереккөз: forbes.kz