АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

12-13 сәуірде «QazInnovations» ИДЖҰА» АҚ өкілдері ғылыми жаңалықтар мен технологиялық инновацияларға арналған «Экспоненциалды инновациялар әлемі» тақырыбындағы IV Нобель фестиваліне қатысты.

Негізгі тақырыптар ЖИ ауқымды трансформациясы мен цифрландыру, адамзаттың ғарыштағы болашағы, пост-пандемиядан кейінгі әлемнің экономикасын модельдеу, нөлдік шығарындылар, блокчейн – платформалары және ДНҚ секвенциясы болды.

Пандемия басталғаннан бері алғаш рет IV Nobel Fest гибридті форматта өтіп жатыр және Нұр-Сұлтан, Ташкент, Ыстамбұл, Тбилиси және Бакудегі студиялардан бір уақытта көрсетіледі.

Nobel Fest ол ең ірі ғылыми – білім беру және технологиялық халықаралық шаралардың бірі болып табылады. Жыл сайын ол 155 елден 300 000-нан астам қатысушыларды, Нобель сыйлығының 12 лауреатын және 11 «за Прорыв» (Breakthrough Prize) сыйлығының лауреаттарын, сондай-ақ әлемге әйгілі бірқатар беделді ғалымдарды, практиктерді, инноваторларды және кәсіпкерлерді біріктіреді.