АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

29 қазанда «IT-нарығын мемлекеттік қолдау шаралары» панельдік сессиясында, Digital Bridge 2021 IT форумы шеңберінде «ИДЖҰА Qazinnovations» АҚ басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы Алин Бауыржан Сұлтанмахмұдович «Инновациялық гранттарды беру» жобасының презентациясын жасады.
 
Бауыржан Сұлтанмахмұдович Qazinnovations қызметі, негізгі бағыттары, технологияларды коммерцияландыруға гранттар беру талаптары туралы айтты, сондай-ақ гранттық бағдарламалардың нәтижелерімен бөлісті.