АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Қазақстанның инновациялық секторы айқын пішінге ие болды және оны масштабтау негізгі міндеттердің біріне айналуда. Әрине инновациялар көбінесе серпін беріп, мемлекетті әлемдік нарықта жетекші орынға шығаратыны сөзсіз. Қазіргі уақытта инноваторлар үшін гранттар, субсидиялар және коммерциялық жағынан бизнес – серілердің инвестициялауы түріндегі мемлекеттік қолдаудың әртүрлі құралдары қолжетімді болып табылады.
Алдыңғы қатарға өңірлер шығады. Бұл жергілікті жерлерде инновациялық идеяны танымал ету және нығайту отандық өнертапқыштарға сенімділік пен ақпаратқа, білім беру бағдарламаларына және олардың әзірлемелерін ілгерілетуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты өңірлік инновациялық экожүйелерді, атап айтқанда бизнес-инкубаторларды, зерттеуге арналған зертханаларды және прототиптеу орталықтарын қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде. Бұл бағыт QazInnovations және ЦДИАӨМ бірлескен жұмысының арқасында өмірге сәтті енгізілуде.

Қызметке жайлылық пен еркіндік беру үшін инноваторлар үшін e-gov принципі бойынша бірыңғай терезе жасалмақ. Бұл туралы Премьер-Министр А.А.Смайыловтың төрағалығымен 2022 жылғы 14 желтоқсанда өткен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің екінші отырысы барысында шешім қабылданды.

Бірыңғай терезе ғалымдар, инноваторлар, стартапшылар, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар үшін ашық жүйеге айналады, онда қолдаудың барлық түрлері бойынша соңғы деректер мен жаңартулар, гранттық конкурстарға қатысу қағидалары, заңнамалық, құжаттық аспектілер және т.б. ашық болады. Оның ішінде ғылыми нәтижелерді ілгерілету және коммерцияландыру, сондай-ақ инновациялар бойынша талдау және халықаралық ғылыми және білім беру желілеріне интеграциялау қол жетімді болады.