Егер сізге заң көмегі қажет болса, «E-Заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы адвокатқа немесе заң консультантына хабарласыңыз, олар сізге ақысыз көмектеседі, онлайн режимінде көмек көрсетеді, бұл өте ыңғайлы, келісесіз бе?
«E-Заң көмегі»-нің мақсаты – халыққа онлайн режимінде білікті заң көмегін көрсету, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын және заң консультанттарының қызметін автоматтандыру.
«E-Заң көмегі» артықшылықтары:
- «E-Заң көмегі» арқылы жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу арқылы кеңес беру сатысында азаматтарға тиімді заң көмегін көрсету мүмкіндігі;
- адвокаттар мен заң консультанттарын сот процесінде жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді тексеруге арналған заманауи құралдармен қамтамасыз ету;
- қорғаушы немесе өкіл ретіндегі міндеттерін орындау кезінде дәлелдемелер жинау бойынша жұмыс процесін жеделдету;
- онлайн режимінде мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегін көрсету мен есепке алуды автоматтандыру;
- соттар мен құқық қорғау органдарына адвокаттар мен заң консультанттарының мәртебесі мен өкілеттіктерін онлайн режимінде тексеруге мүмкіндік беру;
- заң консультанттары палатасына мүшелік тізілімін жүргізу;
- заң консультанттарының электрондық тізілімінен үзінді алу мүмкіндігі;
- қабылданғандығы туралы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен үзінді алу мүмкіндігі, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым қызметін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға ақпараттық-насихат жұмыстарын және заң консультанттарының қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпаратқа сұраныстар бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл;
- аумақтық адвокаттар алқасы мен заң кеңесшілері палатасының веб-порталдарын жүргізу;
- анықтамалық-құқықтық жүйе, онда заңнамаға байланысты кез-келген проблеманың оңтайлы шешімін жылдам табуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар үлкен көлемдегі ақпаратты талдауға мүмкіндік беретін құқықтық ақпарат кешені бар.
Онлайн-жүйе «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған, сіз www.eup.kz веб-сайтындағы қызметтерді пайдалана аласыз.