АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Digital Bridge 2022 – цифрлық технологиялар мен бизнес туралы халықаралық форум.

Астанада Digital Bridge 2022 өтті. Биылғы жылы форумның тақырыбы «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде» болды.

Digital Bridge – жыл сайын Мемлекет басшысы мен халықаралық IT-қауымдастық жетекшілерінің, қазақстандық және шетелдік технология сферасындағы сарапшылардың, цифрлық әзірлеме саласындағы мамандардың, IT-компаниялар мен стартаптардың, венчурлық инвесторлардың, технологиялық кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтетін Қазақстандағы ең ірі IT-шара.

Биылғы жылы форумның іскерлік бағдарламасына 45 панельдік сессия, сондай-ақ ауқымды іс-шаралар кірді: технопарктер мен IT-мектептерінің көрмесі, IT-стартаптар аллеясы, IT-вакансия жәрмеңкесі, Astana Hub Battle, VR, GameDev және әртүрлі тақырыптық сессиялар.

ІТ-стартаптар аллеясында бұрын «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ гранттық қаржыландыру алған жобалар ұсынылды, бұл жобалар:

– SafeLift – Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің лифтілерінде жедел көмек көрсетуге және жарнамалауға арналған интерактивті экрандар.
– Egistic superapp – ауылшаруашылық өндірушілері мен ауыл шаруашылығы кеңесшілеріне арналған шаруашылық басқару жүйесі;
– E-Knot – ОСИ жүйесіне көшу және тұрғын үйлерді басқару бойынша онлайн қызметі;
– Zhiber.kz – жолаушылармен сәлемдеме жіберу қызметі;
– IN-VR – виртуалды шындықта ағынмен жіберуге арналған платформа;
– Identity verification platform – жеке басын куәландыратын онлайн платформа;
– Optoculus quad – периметрді қорғау және белгілі бір аумақтардағы қозғалысты бақылау үшін жоғары метрологиялық сипаттамалары бар жаңа буын интеллектуалды талшықты-оптикалық сенсор;
– Cowmas – ірі қара мал деректерін қашықтықтан бақылау және талдау қызметі;
– ForumVR – виртуалды шындықта форумдарды ұйымдастыруға арналған платформа;
– ЖЭК объектілеріне арналған InTech-Forecast IT-бағдарламасы – ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруді болжауға арналған веб-қосымшасы.

Сондай-ақ Қазақстанның технопарктері орналасқан аймақта QazInnovations мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңестер жүргізді.