АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Digital Almaty 2021 – Цифрлық қайта жүктеу: жаңа болмысқа серпіліс

5 ақпанда Алматы қаласында “Digital Almaty 2021 – Цифрлық қайта жүктеу: жаңа болмысқа серпіліс” халықаралық форумы өтеді.

Пленарлық сессияда ” Venture capital. Дереккөздер мен тетіктер” Qazinnovations президенті Ілияс Оспанов @ilyasospanov инновациялық стартаптарды дамыту үшін қаржыландыруды қалай тартуға болатынын, сондай-ақ өз идеясын дамыту үшін қаржыландыруды қалай, қайда, қандай шарттармен және қандай мерзімдерде алуға болатынын егжей-тегжейлі айтып береді, бірақ ең бастысы инновациялық жобаларға арналған гранттарға өтінім беру кезіндегі табыс факторларымен бөліседі.

Форумның негізгі міндеттері цифрландыру саласында өңірлік және жаһандық деңгейде күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегиялары мен жаңа технологиялар саласындағы трендтерді қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың алдағы қадамдары мен перспективаларын талқылау болып табылады. Биылғы жылы күн тәртібі COVID-19 пандемиясына байланысты туындаған жаһандық өзгерістерді ескере отырып қалыптастырылады.

ЕАЭО Премьер-министрлері мен жетекші халықаралық сарапшылардың қатысуымен пленарлық сессия форумның аса маңызды оқиғасына айналады.

2021 жылы форум гибридті форматта өтеді, осылайша форум аясындағы іс-шаралардың басым бөлігі онлайн өткізіледі.

Форумның бас демеушісі – “Қазақтелеком”АҚ.

Тіркелу сілтемесі @zerdeict профилінде.