АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"
Cerebra әлемдегі ең үздік 10 MedTech стартаптарының қатарына енді!
Cerebra @cerebra.kz денсаулық сақтау технологияларының әлемдік көшбасшысы-«Medtronic» компаниясының нұсқасы бойынша медициналық жасанды интеллект саласындағы әлемдегі ең инновациялық он жобаның тізіміне енгізілген.
Cerebra – ишемиялық және геморрагиялық инсульттің автоматтандырылған диагностикасына арналған нейрорадиология саласындағы жасанды интеллект болып табылады.
Cerebra жобасы 2018 жылдан бері жасанды интеллект саласындағы технологияларды әзірлеумен айналысатын Almaty A.I. Lab компаниясымен әзірленген.