АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

«Qazinnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ
Басқармасының төрағасы Камиль Акатов «Abai IT-Valley» технологиялық кластерінің басшысы Асхат Бейсембаевпен кездесу өткізді.

Кездесуде өңірлер мен республикада стартап-жобаларды және бизнес-инкубаторларды дамыту үшін құрылған инновациялық экожүйе мен инфрақұрылым мәселелері, сондай-ақ инновациялық гранттарды қоса алғанда, мемлекеттік қолдау құралдары мен шаралары талқыланды.

Кездесу нәтижесінде ынтымақтастық жалғасатын болады, соның ішінде еліміздің инновациялық әлеуетін дамыту мақсатында өңірлерде инновациялық өнімдер мен командалар санын арттыруға бағытталған күш-жігерді бірлесіп нығайту бойынша келісімге қол жеткізілді.