АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

"Зерде" холдингінің Басқарма төрағасы "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ-ның тыңдауын өткізді

“Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы” АҚ басшылығы “Зерде “ұлттық инфокоммуникация холдингі” АҚ Басқарма төрағасы Арман Әбдірасыловқа 2020 жылдың қорытындысы бойынша қызметтің негізгі көрсеткіштерін, сондай-ақ 2021 жылға арналған стратегиялық және салалық көрсеткіштер жөніндегі жоспарларды ұсынды.

Осылайша, Орталық 2020-2021 жылдарға арналған Елдің инновациялық және ғылыми-техникалық дамуы бойынша Жол картасын әзірледі, сондай-ақ, заң жобасы әзірленді, халықаралық рейтинг көрсеткіштері бойынша ЦДИАӨМ үшін ұсынымдар әзірленді.

“ЖІӨ көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесі” көрсеткішіне қол жеткізу бойынша өңірлермен жұмыс жандандырылды, технологиялық платформаларды іске асыру бойынша 10 жол картасы бекітілді.
15.01.2021 ж. инновациялық гранттарға стартап жобаларға өтінімдерді қабылдауға конкурс жарияланды.

Даму стратегиясына сәйкес “қызметтің рентабельділігі” көрсеткіші бойынша орындау 2021 жылдан бастап жоспарланған. Бұл ретте, Орталықтың 2020 жылға арналған түзетілген даму жоспарына сәйкес 4% – ға қол жеткізу көзделген. 2020 жылғы қызмет нәтижелері бойынша көрсеткіш асыра орындалды – 13%. Жоспарланған 12,6 млн теңге орнына 40 млн теңге мөлшерінде таза пайдаға қол жеткізілді.