АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Достар, жаңа жыл қарсаңында Cіздермен 2021 жылғы қызметтеріміздің  нәтижелерімен қысқаша бөліскіміз келеді.

Инновациялық қызметті ынталандыру мақсатында, 2021 жылы Қоғаммен технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру бойынша екі конкурс өткізілді, олардың нәтижесі бойынша 16 жоба қолданды, оның 5-уі бірінші және 11-і екінші конкурстың қорытындысы бойынша қолдау тапты.

Сондай-ақ биылғы жылы 7 жоба аяқталды, оның ішінде: «ИНОКС ЛТД» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «АК Алтыналмас» АҚ, «Alina Group» ЖШС, «Экосервис-С» ЖШС, «Казэлектромаш» ЖШС және «Проммашкомплект» ЖШС сияқты ұйымдардың жобалары бар.

2021 жылдың қазан айында QazInnovations TechHub (АХҚО) қолдауымен Трекер академиясымен (РФ) бірлесіп ұйымдастырған «Product manager» 1-ші курсы аяқталды. Бұл курсқа қатысуға 847 өтініш түсті, 276-і – тіркелді және 72 адам курсты аяқтағаны туралы сертификат алды.

Инновациялық экожүйені дамытуды талдамалық сүйемелдеу аясында еліміздің 2020-2021 жылдарға арналған Инновациялық және ғылыми-технологиялық дамуының жол картасының іске асырылуына тоқсан сайын мониторинг жүргізілді.

QazInnovations 2021 жылғы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеуге қатысты.

Заң шеңберінде елдің технологиялық дамуын ынталандыруға бағытталған инновациялық блок бойынша негізгі бастамалар (технологиялық құзыреттің салалық орталықтары, технологиялық платформалар, нысаналы технологиялық бағдарламалар, Үкімет деңгейіндегі Технологиялық саясат жөніндегі кеңес) қарастырылған.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына және инновация бойынша тиісті индикаторлар мен шараларды көздейтін «Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасына ұсыныстар әзірленді және енгізілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ведомствоаралық комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Цифрландыру жөніндегі комиссия алаңдарында еліміздің инновациялық даму мәселелерін талқылауды ұйымдастыруға қатысты.

Сонымен қатар, QazInnovations өнеркәсіп салаларында технологиялық платформалар мен салалық технологиялық құзырет орталықтарын қалыптастыруды үйлестіру жүзеге асырылды, өңірлік Статистика департаменттерімен барлық аймақтарда бірлесіп түсіндіру семинарлары өткізілді.

Қазіргі уақытта біз жоғарыда аталған стратегиялық құжаттардың міндеттерін және «Зерде» холдингінің жаңа стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған 2030 жылға дейінгі жаңа QazInnovations стратегиясын келісу және қабылдау кезеңінде тұрмыз.

Келе жатқан Жаңа жылыңызбен!