АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Қолдау құралдары орталығының директоры Данияр Бектенов 2022 жылы «Жасанды интеллект және мехатроника» тақырыбында өтетін Наурыз кездесулеріне қатысты. Данияр біздің еліміздегі инновациялық жобалар мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты.

NIS Наурыз кездесулері – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы @official.nis өткізетін жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара және оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту, ғылымға баулу, танымдық және практикалық мәселелерді шешуде алынған білімдерді және дағдыларды қолдану, топпен жұмыс жасау кезінде коммуникативтік білімдерді алу мақсатында өткізіледі.

Наурыз кездесулері қазірдің өзінде еліміздің түкпір-түкпірінен ғылымға құштар мектеп оқушылары мен жас өнертапқыштардың басын біріктіретін платформаға айналды.