АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

1 сәуірде "Bapy mining" ЖШС өкілімен кездесу өткіздік

Сонымен, біз қарап отырмаймыз 🤗
Жұмыс қызу жүріп жатыр, жобалар іске асырылуда, грант алушылармен диалог жүргізілуде, нәтижелі кездесулер өз нәтижелерін беруде.

Кеше, 1 сәуірде “Bapy mining” ЖШС өкілі Сыздықов Сәкен “Тау-кен көлік кешенін цифрлық басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу” жобасы бойынша кездесу өткізді

Бұл жобаның атауы өзі туралы айтып тұр.
“Bapy Mining” ЖШС жұмысын жүзеге асыру минералды көмірсутекті шикізатты іздеу, өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласындағы прогрессивті технологиялардың дамуына үлкен үлес қосатынына еш күмән жоқ.

Жоғарыда аталған саланы одан әрі дамыту және ынтымақтастықты арттыру мақсатында біздің компаниямыз “Инновациялық технологиялар паркі” ДКҚ-ның инновациялар жөніндегі әріптестерімізді осы жоба туралы хабардар етті.

Өздеріңіз білетіндей, біздің міндетіміз-осындай жобаларды қаржыландыру, ықпалдастық және қолдау көрсету.

Кездесуге қатысушылар:
Оспанов И. Е. – “ИТТО” АҚ президенті,
Мәулітов А. Е. – “ИТТО” АҚ вице-президенті,
Оспанов Ж. Ж. – “ИТТО” АҚ мониторинг орталығының директоры,
Ғайнуллиев Қ. А. – “ИТТО” АҚ мониторинг орталығының сарапшысы
Нұрманов Г. А. – “ИТП” ДКҚ өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау департаменті бойынша жобаларды басқарудың бас жоба менеджері