АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Өңірлік бизнес-инкубаторларды дамыту. Синергия және бірлескен қызмет арқылы тиімді ынтымақтастық.

“QazInnovations»ИДЖҰА”АҚ Басқармасының төрағасы Санат Жолдыханович Ахановтың бастамасы бойынша MOST бизнес-инкубаторының Бас директоры Ануар Лензатпен кездесу өтті.

Кездесу барысында өңірлік бизнес-инкубаторлар мен акселераторларды дамытуға қатысты бірқатар мәселелер, жобаларды қолдау, стартаптарды дамытуды қолдау аясында өзара ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ олардың тәуелсіздігін және мемлекеттік қолдаудан тыс өтелуді қамтамасыз ету мақсатында бизнес-инкубаторлардың қызметіне көзқарасты өзгерту қажеттілігі айтылды.

Сондай-ақ Ануар біздің елімізде енгізуге болатын АҚШ-тағы инкубаторларды пайдалану тәжірибесімен бөлісіп, бірқатар оң мысалдар келтірді.