АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Өтінімді тіркеуге қабылдамады ма?!

Өтінімді тіркеуге қабылдамады ма?!
Жарайды, дүрбелеңге түспеңіз!
Неге екенін түсіндіреміз))

Мүмкін Сіз өтінімді дұрыс толтырмаған боларсыз.

Келесі тармақтарды тексеріңіз:
– жобаны іске асыру мерзімі
– басым бағытты таңдау
– команданың сипаттамасы (толық/толық емес)
– тіркелген құжат (бос болмауы үшін)
– міндетті тармақтарды толтыру

Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін тіркеуден қайта өтуге болады! Орталықтың тіркеуі 1-ден 2 күнге дейін созылады!

Содан кейін, егер Сіз тіркеуден сәтті өтсеңіз, Сізге мұнда ұзақ күтуге тура келмейді. Кеңес Сіздің өтінішіңізді 10 жұмыс күні ішінде қарап шығады!

Егер Сіздің өтінішіңіз мақұлданбаса, онда маңызды мәселелер сәйкес келмеген болар, атап айтқанда:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі;
2) грант алушының (көрсетілетін қызметті алушының) инновациялық грант алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;

Бұдан басқа, бас тарту жағдайы гранттық қаржыландыру жөніндегі Кеңестің теріс шешімі болған жағдайда іске асуы мүмкін.

Сіздің өтініміңізді қабылдау және мақұлдау үшін біздің qazinn.kz. сайтында таныса алатын ережелерді есте сақтауыңыз өте маңызды.