АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Өнеркәсіптік дамып келе жатқан Ақтөбе облысы – болашақ Кулибиндердің қазынасы.
Жұмыс сапарының кезекті жолы осы өңірде болды.
Qazinnovations компаниясы инновациялардың, цифрландырудың, жаңа ашылымдардың пайда болу процесі одан әрі өркендеуі үшін барлық күштерді біріктіруге ұмтылады.

Біздің ұмтылыстарымыз жергілікті мемлекеттік органдардан, «Атамекен» Ұлттық палатасынан, оқу орындары мен кәсіпкерлерден үлкен қолдау тапты.

РКП атынан Айнұр Баймұратовамен; Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаровпен бірге бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Грант мүмкіндіктері мен QazInnovations инкубациялық бағдарламасы туралы қоғамның да, сондай-ақ тікелей стартапшылар мен әлеуетті инвесторлардың да хабардар болуы тиіс екені анық. Тараптар арасында Қолдау және өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ болашақ грант үміткерлерінің жобаларының тұсаукесерлері мен питчингтер өткізілді. Жергілікті инноваторлармен, ғалымдармен, бизнесмендермен пікірталас жүргізілді.

Инновациялық және технологиялық секторларда жұмыс істеу кезінде қандай қиындықтар бар және бизнес қандай кедергілерге тап болады. Бұл туралы Ақтөбе облысының Цифрлық технологиялар басқармасының және Ақтөбе облысының Индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдерімен талқыланды.