АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беруге конкурс жариялады.

QazInnovations – инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және оның негізгі міндеттерінің бірі инновациялық қызметті ынталандыру болып табылады.

2022 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 17.00-де QazInnovations ZOOM алаңында жарияланған конкурс аясында инновациялық грант алуға «Digital System Servis» ЖШС, «Arta Software» ЖШС, «MSSP.GL» ЖШС және т.б. сияқты өндірістік ұйымдармен түсіндірме кездесуін өткізіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Инновациялық гранттың сомасы 100 млн. теңгеден аспайтынын (лицензиялық шартқа кемінде 30% қоса қаржыландыру, жабдықты сатып алуға – кемінде 50%), іске асырудың максималды мерзімі 36 айды құрайтынын атап өтеміз.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған инновациялық грант заманауи АКТ шешімдерін енгізу арқылы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды цифрландыруға және Индустрия 4.0-ге көшуге бағытталған.

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 15 тамызында басталып, 2022 жылдың 20 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталатынын естеріңізге саламыз.

Конкурс шарттары туралы толығырақ сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021380

Презентацияға сілтеме:

https://docs.google.com/presentation/d/179kng87tCRiZNKmD6JihSK1SgRlcs1BH/edit?usp=sharing&ouid=111445561903398165109&rtpof=true&sd=true