АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Құрметті өтініш берушілер!

12 ақпанда технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грантқа алдын ала ұсыныстарды қабылдау аяқталды. 12 күн ішінде біз рекордтық ұсыныстар жинадық – 661! (оның ішінде 86 – басым бағыттардың толық болмауына немесе сәйкессіздігіне байланысты тіркеуден бас тартылды).

Қабылдаудың соңғы күні 216 өтінім берілді! Қазір негізгі жүктеме Кеңес мүшелеріне жүктеледі. Кеңес мүшелері – өздерінің негізгі қызметі бар бизнестегі адамдар екенін есте сақтау керек.

Тіркеуден өткен барлық өтінімдер Кеңес мүшелерінің қарауында (қазір – кеңесте 490 өтінім). Қазіргі уақытта Кеңес 85 өтінім бойынша шешім қабылдады, 29 – толық ұсыныс беру кезеңіне жіберілді, 56-рұқсат беруден бас тартылды.

Көптеген адамдарда Кеңес өтінімді қандай себеппен қабылдамады деген сұрақ туындайды. Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант беру қағидаларының 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Кеңес мынадай жағдайларда бас тартуы мүмкін:

-егер жобаның негізінде жатқан әзірлеменің ғылыми-техникалық деңгейі Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;
– егер ұсынылған шешімді енгізу перспективасы болмаса;
– егер құрылатын өнімді өткізуді коммерцияландыру әлеуеті анықталмаса;
– егер команда болмаса және жоба бойынша команданың біліктілігі жеткіліксіз болса;
– егер жобаны іске асыру бойынша жоғары тәуекелдер болса.

Бас тарту себептері және өтінімдерді екінші қабылдауға қалай дайындалу керектігі туралы толығырақ біз шамамен 1 наурызда Кеңес алдын ала өтінімдерді қарауды толық аяқтаған кезде, барлық өтініш берушілерді Zoom сессиясына шақыру арқылы айтамыз.

Өтінеміз, шыдамды болыңыз, біз Сізді қызықтыратын мәселелерді түсіндіру үшін сізбен байланысқа шығамыз. Сұрақтарды мына форма бойынша қалдыра аласыз https://docs.google.com/forms/d/1cjSih5l72SfDK95SWN7WWz2iHmjomvLtQiO0g-Lgb_4/viewform?edit_requested=true