АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Бүгін Qazinnovations «Қазақстан қор биржасы» АҚ өкілімен кездесті.

Кездесу аясында тараптар өз қызметтерін таныстырып, серіктестік қарым-қатынас орнатудың әлеуетті мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, инновациялық жобалардың аспектілері және инновациялық экожүйе қатысушыларын қаржыландыру үшін қор биржасы құралдарының әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ынтымақтастықтың алдағы қадамдарын пысықтауға, сондай-ақ ықтимал бастамаларды масштабтауды талқылау мақсатында халықаралық қаржы институттарымен қосымша кездесулер өткізуге келісті.