АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

QazInn командасы Алматы қаласына жұмыс сапарымен барып, Қазақстан-Британ техникалық университетінің жанындағы бизнес-инкубаторында болды.

Сарапшылар технологияларды коммерцияландыруға арналған гранттық бағдарламамен таныстырып, Резиденттердің сұрақтарына жауап берді, содан кейін “AUBIAK.kz Қазақстанның университеттік бизнес-инкубаторлар қауымдастығымен” өңірлік инновациялық қоғамдастықтарға жоспарланатын қолдау аясында кездесу өткізді.

Тараптар бар мәселелер мен ұсынылған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан аймақтарында инкубациялау әдістемесін енгізу жоспарларын айтты.

Инновациялық Гранттар конкурсына өтінімдер қабылдау жүріп жатқанын еске саламыз.
Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 15 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-де аяқталады.