АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Qazinnovations мен Трекерлер академиясы (РФ) бірлесіп TechHub (АХҚО) қолдауымен ұйымдастырған «Product manager» 1-курсы аяқталды. Осы курсқа қатысуға 847 өтінім берілді, оның ішінде 276 адам курсқа қабылданды және тек 72 адам курсты соңына дейін жетіп, тиісті сертификат алды.

QazInnovations атынан қатысушыларды 8 апталық курстың табысты аяқталуымен құттықтағымыз келеді, соның арқасында студенттер, жас кәсіпкерлер мен ғалымдар өнімді іске қосу, дамыту мен ілгерілетудің үздік әдістемелерін зерделеуге мүмкіндік алды, Сustomer Development, юнит-экономика, нарық пен бәсекелестерді талдау, бизнестің еселі өсу нүктелерін анықтау және т. б. бағыттар бойынша білім алды.

Алынған білім бастаушы кәсіпкерлерге және отандық стартаптарға жақсы бастама алуға көмектеседі деп үміттенеміз!